Спартакиада басталды!

22 тамыз, 11:00
Спартакиады XXI барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу https://drive.google.com/drive/folders/1DpMWFnR1_Ei4SzBq-n2ya7hAMn64ztJ8?usp=sharing
Достармен бөлісу:

22 тамызда Алматы қаласында жылдың басты спорттық оқиғасы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының қызметкерлері арасында XXI Спартакиада басталды.

Іс-шара жыл сайын спорт дәстүрлерін сақтау, салауатты өмір салтын қолдау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ атом холдингінің корпоративтік мәдениетін нығайту мақсатында өткізіледі.

«Баршаңызды биыл шуақты Алматы қаласында өтіп жатқан дәстүрлі спорт мерекеміздің басталуымен құттықтаймын, - деді Спартакиаданың қатысушыларына жолдаған құттықтауында Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ержан Мұқанов. – Бір апта бойы атом холдингі кәсіпорындарының 22 командасы мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, бадминтон, армрестлинг, үстел теннисі, баскетбол, шахмат және киберспорт сияқты спорт түрлерінде жеңіске жету үшін күресетін болады.

Қазатомөнеркәсіп әрқашан салауатты өмір салтын қолдауға көп көңіл бөледі. Біздің спорттық іс-шараларымыз Компанияның барлық қызметкерлерін біріктіреді және әрқайсымызды спорттық жетістіктерге шабыттандырады. Спартакиадаға қатысу – салауатты өмір салтын және спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы белсенді өмірлік ұстанымның көрінісі.

Спартакиаданың барлық қатысушыларына жарыстарда сәттілік тілеймін! Сіздердің әрқайсыңыз ең жақсы нәтижелер көрсете білетіндеріңізге сенімдімін. Сіздерді Қазатомөнеркәсіптің 20 мыңнан астам қызметкері жанкүйер болып қолдайды. Алға, жаңа жеңістерге!»

Спартакиады XXI барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу https://drive.google.com/drive/folders/1DpMWFnR1_Ei4SzBq-n2ya7hAMn64ztJ8?usp=sharing

Басқа жаңалықтар