«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXI Спартакиадасы аяқталды: жеңімпаздарды марапаттау рәсімі

26 тамыз, 16:00
Спартакиады XXI барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу https://drive.google.com/drive/folders/1DpMWFnR1_Ei4SzBq-n2ya7hAMn64ztJ8?usp=sharing
Достармен бөлісу:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXI Спартакиадасы аяқталды: жеңімпаздарды марапаттау

Бес күн бойы атом холдингінің қызметкерлері спорттың 9 түрінен – шағын футбол, жеңіл атлетика, волейбол, бадминтон, қол күресі, үстел теннисі, баскетбол, шахмат және киберспорттан (PUBG) жеңіске жету үшін күресті. Әрбір спорт түрінде командалар арасында қызу тартыс болды: қарсыластар жеңіске деген ерік-жігерін, тамаша спорттық дайындығын, үйлесімділік пен ойын шеберлігін көрсетті. Жанкүйерлерінен шабыт алған спортшылар аянып қалған жоқ, қарсыласын айналып өтіп, алға ұмтылды. Әділ күресте ең мықтылар жеңіске жетті.

Биыл ОТХК командасы мини-футболдан алтын алса, екінші орынды «Қазатомөнеркәсіп-SaUran», ал үшінші орынды «Орталық» иеленді.

Волейболдан ҮМЗ чемпион атанды, көшбасшылар үштігіне «ОТХК» (2-орын) және «Қаратау» (3-орын) кірді.

Баскетболдан финалдық турнирде ҮМЗ командасы жеңіске жетіп, үздік атанды. «KAP Technology» екінші орында, ал «Волковгеология» үшінші орында.

Қол күресінен бірінші орынды «Байкен-U» командасы, күміс жүлдені «Волковгеология», ал «Қызылқұм» үшінші орынды иеленді.

ҮМЗ спортшылары жеңіл атлетикадан үздік деп танылды, одан кейінгі орында «Инкай», ал «Волковгеология» атлеттері қола жүлде алды.

Үстел теннисінде де үлбіліктер үздік болса, екінші орынды «СКЗ-U» командасы, үшінші орынды «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» командасы иеленді.

ҮМЗ командасы бадминтоннан да жеңіске жетіп, нағыз спорттық кәсіпорынның атағын тағы бір рет растады. Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік орталығының командасы күміс жүлдені еншілесе, ЖТИ қола жүлдегер атанды.

ҮМЗ-ның шахматтағы абсолютті жеңісі де ешкімді таң қалдырмады: чемпиондар максималды ұпай санын – 29 ұпайды жинай білді. Одан кейінгі орынға ЖТИ жайғасып, үшінші орынға «ОТХК» командасы орнықты.

Киберспорттағы жеңімпаздар жарыстың алғашқы күнінде анықталды, олар: ҮМЗ – бірінші орын, «Qorǵan-Security» – екінші, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» – үшінші орын.

Спартакиаданың жабылу салтанатында HR және цифрландыру жөніндегі бас директор Әлібек Алдоңғаров қатысушыларды жігерлендіретін сөз сөйледі:

«Бірнеше күн бойы біз холдинг командаларының қызықты ойындарын көрдік, әрбір ойын үшін жан күйдіріп, уайымдадық. Қазатомөнеркәсіптің XXI Спартакиадасының барлық қатысушыларын құттықтаймын және әріптестерімнің әрқашан рухы мықты болып қала берулерін тілеймін. Баршаңызға болашақта үлкен жеңістер тілеймін!».

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXI Спартакиада қорытындысы бойынша командалық біріншілікте «ҮМЗ» АҚ 1-орынды, «ОТХК» ЖШС 2-орынды, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС 3-орынды иеледі. Жеңімпаздарды құттықтап, спорттық жетістіктерін жалғастыра беруін тілейміз! Спартакиада соңында ЕТҰ және корпоративтік орталық басшыларының командалары арасында мини-футболдан жолдастық кездесу өтті.

Қазатомөнеркәсіптің Спартакиадасы спорттық дәстүрлерді сақтау, салауатты өмір салтын қолдау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ атом холдингінің корпоративтік мәдениетін нығайту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Басқа жаңалықтар